Коронавирус жасөспірімдердің психикасына кері әсер еткен – ДДСҰ

0
284

Бағалау критерийі ретінде респонденттердің мектептегі үлгерімі алыныпты.


Коронавирус жасөспірімдердің психикасына кері әсер еткен – ДДСҰ

ERNUR.KZ. ДДСҰ жүргізген сауалнамаға қатысқан Еуропадағы жасөспірімдердің 30 пайызы COVID-19 пандемиясы олардың психикалық денсаулығына кері әсер еткенін айтқан, деп жазады zakon.kz.

Бұл жөнінде ұйымның сайтында жарияланған ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының баяндамасында айтылған.

Бағалау критерийі ретінде респонденттердің мектептегі үлгерімі алыныпты.

Алынған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы желтоқсан аралығында 22 ел мен өңірде орта есеппен мектептер 138 күнге жабылған, бұл жасөспірімдердің психикалық жай-күйіне ғана емес, сонымен қатар біліміне де айтарлықтай әсер еткен.

Психикалық жай-күйге арналған сауалнамада жастардың 30%-ы пандемия психикалық денсаулығына теріс әсер еткенін, ал жасөспірімдердің 16%-ы өмірге қанағаттану деңгейі төмен екенін және психологиялық және физикалық проблемалар көп екенін айтқан. Әсіресе 15 жасқа толмаған қыздар осылай жауап берген

Бұл ретте респонденттердің 38 пайызы пандемия психикасына еш әсер етпеді деп есептейді екен.