Коронавирус жұқтырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кетті

0
1 076

Ем қабылдап жатқан дәрігерлер аурудан кейін күтпеген жағдайларға тап болған.


Коронавирус жұқтырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кетті

ERNUR.KZ. Уханның орталық ауруханасында коронавируспен ауырған қытайлық дәрігерлердің денесі қарайып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның хабарлауынша, Ю Фан және Ху Вейфенг Уханның орталық ауруханасында науқастарды емдеп жүргенде коронавирус жұқтырған. Олардың жағдайы қатты ауыр болған. Сырқатпен күресте экстракорпораль мембранды оксигенация әдісі (қанның оттекпен қанығу әдісі) көмектескен.

Ем қабылдап жатқан дәрігерлер аурудан кейін күтпеген жағдайларға тап болған. Ю Фан мен Ху Вейфенгтің тересі біртүрлі қарайып кеткен. Кейін бұған гормондардың алмасуы себеп болғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл коронавирус бүкіл ағзаға тараған кезде бауырдың зақымдануынан болып отыр.

"Қазір жағдайым әлдеқайда жақсы, бірақ өзім қимылдай алмаймын. Сауығып жатқаныма қуаныштымын, бірақ терімнің қарайғанына таңғалып отырмын", - деді дәрігер Ю Фан.

Ю Фанды емдеп жатқан дәрігер бауыр жазылғаннан кейін екі науқастың да терісі қалпына келеді деп үміттенеді.

Еске салайық, 16 сәуірде Ортопедия кеңесіндегі испаниялық дәрігерлер қызылша, желшешекпен ауырғанда шығатын бөртпелер сияқты аяқтағы дақтар (табан, саусақ) COVID-19 жұқтырғанның белгісі екенін айтқан болатын.