Коронавирус жұқтырған Трамп ауруханаға жатқызылды

0
411

Президент дәрігерінің айтуынша, Трамп тез шаршайды, бірақ оның көңіл-күйі жақсы.


Коронавирус жұқтырған Трамп ауруханаға жатқызылды

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырған АҚШ президенті Дональд Трамп Мэриленд штатында орналасқан Walter Reed әскери ауруханасына (Walter Reed National Military Medical Center) жатқызылды, деп жазады baq.kz.

Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл дәрігерлердің ұсынымы бойынша басқаларға жұқтырудың алдын алу мақсатында жасалды. Трамп аурухана кеңсесінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кейли Макинэнидің айтуынша, президентке Regeneron компаниясының коронавирустық инфекцияға қарсы антиденелері салынды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы цинк, D дәрумені, фамотидин, мелатонин және аспирин қабылдап жатыр.

Президент дәрігері Шона Конлидің айтуынша, Трамп тез шаршайды, бірақ оның көңіл-күйі жақсы.

Коронавирус жұқтырған Мелания Трампты жөтел мен бас ауруы мазалайтын көрінеді.