Коронавируспен үздіксіз күресіп жүрген дәрігерлер адам шошырлық халге түсті

0
1 333

Ухань қаласының медицина қызметкерлері тоқтаусыз жұмыс істеуде.​


Коронавируспен үздіксіз күресіп жүрген дәрігерлер адам шошырлық халге түсті

ERNUR.KZ. Коронавирустың жаппай таралып жатқаны туралы жаңалықтар күннен күнге белең алуда. Жұқпалы ауруды жұтырған адамдардың саны өсуде. Ал оларды емдеп, аурумен белсенді күресіп жүрген дәрігерлердің де өміріне қауіп төнуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қытайдағы коронавирус пайда болған Ухань қаласының медицина қызметкерлері тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Басылым мәліметінше, дәрігерлердің кейібірі әлі таусылып, жолда кетіп бара жатқан жерінде ұйықтап қала береді екен. Олардың, тіпті, дәм татуға уақыттары жоқ.


Желіде аурулардың өмірін сақтап қалуға бар күшін салып жүрген қытайлық дәрігерлердің суреті пайда болды.

Суреттер көрген жанның үрейін ұшырмай қоймайды. Масканы тастамай таққан дәрігерлердің бетінде қорғаныш құралының қансыраған ізі қалып қойған.

Медицина қызметкерлерінің өңі қашып, бозарып қалған. Дегенмен бұл олардың өз жұмысын мұқияттылықпен атқаруға еш кедергі келтірмейді.