Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады

0
2 363

Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт.


Коронавирустан жазылған науқастар вакцинаны қашан салдыра алады

ERNUR.KZ. Ғалымдар COVID-19-дан сауығып шыққандарға вакцинаны қашан салдыруға болатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, індеттен жазылып шыққан уақыт пен екпе егу арасындағы кезең шамамен екі-үш айды құрауы керек.

Егер адам коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда вакцина салдыра беруге болады.

«Адам толық сауығып шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі қажет. Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек», - деді Гинцбург.