Коронавирустан жазылып шыққан Трамптың биі желіде қызу талқыланып жатыр (видео)

0
738

​Қазан айының басында АҚШ президентінің коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Ол ауруханада үш күн ем қабылдады.


Коронавирустан жазылып шыққан Трамптың биі желіде қызу талқыланып жатыр (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп сайлауда өзін жақтаушылар алында би биледі. Оның видеосын Twitter қолданушысы Брэндон Дарби жариялады, деп жазады sputniknews.kz.

Видеоны қазірдің өзінде 11,4 миллион адам тамашалаған.



АҚШ президенті сахнада ырғақты би билеп, соңында көпшілікке қол соғады.

"Тамашалаңыздар", – деп жазды видео авторы.

Ал желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі Трампты жақсы көретінін айтып, президенттің биін жоғары бағалады. Кейбірі тіпті халық үшін осылай билейтін болса, Трампқа дауыс беретінін айтты.

Алайда кейбір желі қолданушылары ел президентінің бұл қылығын ұнатпай қалды. Бірі оны "екіжүзді" деп атаса, енді бірі видеоны көргеніне өкінгенін айтты.

Айта кетейік, бір күн бұрын Дональд Трамп Пенсильваниядағы жақтастарының алдында сөз сөйледі. Өзінің коронавирустан емделіп шыққанын алға тартты. Иммунитет қалыптасқан адамнан ауру жұқпайтынын айтып, өзіне дауыс беретіндерді өбуге уәде берді.

АҚШ президентінің қазанның басында коронавирус жұқтырғаны хабарланды, ол ауруханада үш күн ем қабылдады.

Ғалымдар COVID-19 инфекциясымен ауырған адамның бойында иммунитет қалыптасады деп санайды. Алайда ол шектеулі уақытқа дейін созылуы мүмкін. Ал иммунитет қалыптасқан адамнан вирустың басқа адамға жұғу-жұқпауы әлі белгісіз.