Қоршаудан асып өтпек болған әйелдің киімі ілініп қалып, үсіп өлді

0
1 570

Көршілері оның айқайлаған дауысын естімеген.


Қоршаудан асып өтпек болған әйелдің киімі ілініп қалып, үсіп өлді

ERNUR.KZ. Башқұртстандағы Дема елдімекенінде орта жастағы әйел қоршаудан асып өтемін деп, үсіктен қайтыс болды. Оның киімі үшкір қадаға ілініп қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Марқұмның денесін таң атқанда көршілері тауып алған. Олар оқиғаның түнде болғанын және әйелді ешкім байқамағанын айтты.

Ресейдің Тергеу комитеті қазір болған жайтты тергеп, тексеруді бастап кетті. Олардың алдын ала болжамынша, өлімге өзге адам кінәлі емес. Мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ.