Кремль аумағынан бомба табылды

0
1 322

Біршама тереңде, жер астында жатқандықтан снаряд жарылмаған.


Кремль аумағынан бомба табылды

ERNUR.KZ. Мәскеуде Кремль аумағындағы «мұз жертөледен» Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған бомба табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Үлкен Кремль саябағында жұмыс істеп жатқан археологтардың өз істерін тоқтатуына тура келді. Қазір бомба залалсыздандырылды.

«Авиация бомбасы табылды. Ұлы Отан соғысынан қалған болуы керек. Біршама тереңде, жер астында жатқандықтан снаряд жарылмаған», - дейді Кремльдің коменданты Сергей Хлебников.

Оның айтуынша, бомбаны Кремль аумағынан алып кеткен.