Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейстер ашу жоспарланып отыр

0
540

Бірінші кезеңде рейстер Куала-Лумпурдан Air Asia Х әуекомпаниясымен және Бангкоктан Thai Air Asia Х әуекомпаниясымен Алматыға ұшырылады.


Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейстер ашу жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Малайзиялық Air Asia Aviation Group компаниялар тобының өкілдері Куала-Лумпур мен Бангкоктан Қазақстанға рейстерді іске қосу жоспарын растады, - деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Бірінші кезеңде рейстер Куала-Лумпурдан Air Asia Х әуекомпаниясымен және Бангкоктан Thai Air Asia Х әуекомпаниясымен Алматыға ұшырылады. Әр бағыт бойынша аптасына төрт рет ұшуды жүзеге асыру жоспарланған. Екінші кезең аптасына үш рейс жиілігімен Астанаға рейстерді іске қосады.

Сондай-ақ, AirAsia әуекомпаниясы Қазақстан аумағында "виртуалды хаб" құруды және Ыстамбұлға (Түркия), Парижге (Франция), Франкфуртқа (Германия), Лондонға (Ұлыбритания) "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесімен ұшуларды орындауды жоспарлап отыр.