Кубалық вакцина коронавирустан жүз пайыз қорғайтыны анықталды

0
2 252

Сынақтарға миллионнан астам адам қатысты.


Кубалық вакцина коронавирустан жүз пайыз қорғайтыны анықталды

ERNUR.KZ. Кубаның CIGB Гендік инженерия және биотехнология орталығының коронавирусқа қарсы Abdala вакцинасы сынақтардың үшінші кезеңінде 100 пайыз қорғайтын қасиеті анықталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Препарат ауыр жағдайлардың және өлімнің алдын алуда тиімділігі - 100 пайыз, сондай-ақ ауру белгілерін 92,28 пайызға болдырмайтыны айтылған.

Сынақтарға миллионнан астам адам қатысты.

Мұның алдында препарат елдің денсаулық сақтау ведомствосынан шұғыл пайдалануға рұқсат алды.