Күйеуі келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді (видео)

0
2 111

БАҚ ерлі-зайыптылардың жанжалдасуына не себеп болғанын анықтады.


Күйеуі келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Түркияда ер адам әйелін 12 метр биіктіктен тастап жіберді, деп жазды Sputnik.kz.

Оқиғаның видеосы Facebook-те жарияланды.

Басылымның мәліметінше, жантүршігерлік жағдай Анкара автовокзалында болған.

Ерлі-зайыптылар 8 ай бұрын отасқан екен. Келіншек Стамбұлдағы бауырына барғысы келген, ал күйеуі қарсы болған, осыдан кейін араларында жанжал шыққан.

Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ер адам қамауға алынған.