​Күйеуімен ұрсысқан әйел көліктің алдыңғы терезесінен ұшып кетті

0
1 633

Болған оқиға бақылау камерасы мен көліктің видеорегистраторына түсіп қалыпты.


​Күйеуімен ұрсысқан әйел көліктің алдыңғы терезесінен ұшып кетті

ERNUR.KZ. Қытайдың Гуйчжоу провинциясы Кайли қаласында тұратын әйел рөлде келе жатқан күйеуімен ұрсысады, салдарынан ер адам қоршауға соғылып қалған. Жол апатынан көлік аударылып, жанжалқой әйел алдыңғы терезесінен бір-ақ ұшып кеткен, деп жазады sputniknews.kz.

Болған оқиға бақылау камерасы мен көліктің видеорегистраторына түсіп қалыпты.

Жол апатынан кейін әйел адам ауруханаға шұғыл жеткізілді. Абырой болғанда, алған жарақаты ауыр емес екен, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Оның жолдасы да басынан жарақат алып, ауруханаға түсті. Полиция ер адам мас күйінде көлік айдады деген күдік келтіріп отыр. Алайда сараптама нәтижесі туралы ештеңе белгісіз.