Күйеуіне ерегіскен келіншек қыздарын өлтірмек болды – видео

0
1 181

Ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға күйеуін қайтару үшін барған


Күйеуіне ерегіскен келіншек қыздарын өлтірмек болды – видео

ERNUR.KZ. Ресейде әйел туған қызының тамағына пышақ кезенді, деп жазады sputniknews.kz.

Клин қаласының тұрғыны бұрынғы күйеуін "егер отбасыңа келмесең, балаларыңды өлтіремін" деп қорқытқан.

Екі қыздың әкесінің айтуынша, бұрынғы әйелімен ажырасқан соң, қыздары туған анасымен қалған. Әкесі қыздарына жиі барып тұрыпты. Осындай кездесулердің бірінде Маргарита қызының бірінің мойнына пышақ кезеп, күйеуіне "оларды өлтіремін" деп сес көрсеткен.


"Қазір баланы өлтіремін. Неге тұрсың? Ер жігіт қашқанның орнына баласын қорғамай ма?", - дейді әйел әлеуметтік желіде тараған видеода.

Сонымен қатар ол бұрынғы күйеуінің қызметтік көлігіне зақым келтірген. Жігіттің айтуынша, бұрынғы әйелі мас болған, бұрын ешқашан мұндай қадамға бармаған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Ресейдің ішкі істер министрлігі Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы тергеуді бастады.

Кейін ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға бұрынғы күйеуін қайтару үшін барғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Маргарита отбасындағы ұрыс-керістен жүйкесі сыр бергенін де мойындады.