Құлағын шимен шұқыған кісі миын зақымдап алды

0
1 524

Пациент құлағының осылай ауырып жүргеніне он күн болғанын, басының да ауырып, жүрегі айнып, құса беретінін мойындапты.


Құлағын шимен шұқыған кісі миын зақымдап алды

ERNUR.KZ. Британияда мақта таяқшамен құлағын тазалаған ер адам бас миының іріңдеуіне шалдығып қалды. Бұл туралы The British Medical Journal медициналық журналына сілтеме жасаған Global News порталы жазады, деп жазады Zakon.kz.

31 жастағы ер адам терапевтке келіп, сол жақ құлағының қатты ауыратынына шағым айтқан. Пациент құлағының осылай ауырып жүргеніне он күн болғанын, басының да ауырып, жүрегі айнып, құса беретінін мойындапты. Терапевт оған құлақ инфекциясына қарсы антибиотик жазып берді.

Алайда ол дәрі көмектеспей, ер адам есінен танып, құлап қалған, осылайша ауруханадан бірақ шықты. Ол жерде пациент дәрігерлерге ауруханаға түсер алдында жақындарының атын ұмытып, есінен адаса бастағанын айтты. Ол сондай-ақ, соңғы бес жыл бойы сол жақ құлағының дұрыс естімейтінін де жеткізді.

Компьютерлік томография пациенттің миында ірің бар екенін көрсетті, ал құлақ тесігінде бөтен зат болған екен. Дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота жасау кезінде дәрігерлер бұл ауруға бір түйір мақта себеп болғанын анықтады.

Отадан кейінгі он аптадан кейін пациенттің денсаулығы түзелді. Компьютерлік томография көрсеткендей, ірің жазылып кетті.

Ер адам енді ешқашан құлағыма мақта таяқшасын, сіріңке шиін тықпаймын деп, өзіне өзі серт беріпті.