Күлікбаев секілді Мәскеуде атысқан адамның кім екені белгілі болды

0
781

Қылмыскердің көзін жою кезіндегі фото мен видео жарияланды.


Күлікбаев секілді Мәскеуде атысқан адамның кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Ресей астанасының қақ ортасында жүгіріп жүріп атысқан адамның кім екені белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 39 жастағы Мәскеу облысының тумасы, Подольскі тұрғыны - Евгений Фатихович Манюров, деп жазады zakon.kz.

Ашық дерек көздерге сүйенсек, Манюров Мәскеу облысында құқық саласында жеке кәсіпкер болып жұмыс істеген. Әлеуметтік желідегі парақшасында оның Ресей әділет академиясында оқығаны көрсетілген.

Қылмыс орнында оқ жаудырушының көзі жойылды. Атыс туралы тергеуді РФ Тергеу комитетінің орталық аппараты қолға алды. Атыс салдарынан ФСБ қызметкері қаза тауып, бес адам жарақат алды, оның ішінде бір бейбіт тұрғын бар. Шабуылшы "Калашников" емес, аң аулауға арналған "Сайга" карабинімен қаруланған болып шықты.

Telegram "112" арнасы оқ тиген қылмыскердің фотосын жариялады.

Оқиға хроникасы:

ФБҚ ТБО (ФСБ ЦОС) мәліметтері бойынша, оқыс оқиға ФСБ ғимараты орналасқан мекен-жай: Кузнецк көпірі көшесі, 23-үй, Мәскеу уақытымен 18:10-да (Нұр-Сұлтан уақытында 21:10) қабылдау бөлмесінен басталған.

Бөлмеге белгісіз үш адам кіріп, оқ жаудырды. Күзетшілермен атыс кезінде оның екеуі оққа ұшып, қаза тапты, ал біреуі көшеге қашып үлгерді. Ол қашып жүріп, оқ жаудырды. Салдарынан ФСБ ғимаратына қарсы бетте кезекшілікте болған жол полициясының қызметкері оққа ұшып, қаза тапты.

Қолында қаруы бар қаскөй Кузнецк көпірі көшесінің соңына дейін шамамен 300 метрге жүгіріп, артына қайырыла оқ ата жүріп Воровский алаңына бет бұрады.

Содан кейін ол сол маңдағы көшенің бірі - Үлкен Лубянкадағы бір үйге жүгіріп кіріп, соны паналап, қалқан етеді.

Сол жерден ол ФСБ мен СОБР жауынгерлеріне оқтын-оқтын оқ жаудырып, оларды өзіне жақындатпайды. Ақыры осы атыс кезінде қылмыскер Мәскеу уақытымен 19:15 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытында 22:15) қаза тапты.

Ресми түрде айтылған нұсқа

Арнайы қызмет бұл оқиғаны Ресей Федерациясының ФСБ-ына жасалған террорлық шабуыл деп санайды.

Жарты сағат өткен соң, ФСБ Орталық барлау орталығы "Интерфаксқа" шабуылдаушы жалғыз болғанын, оның барлау қызметі ғимаратына кірмегенін және көзі жойылғанын айтты.

Сондай-ақ, олар бір ФСБ қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

Ресейдің Тергеу комитеті "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қауіп келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Куәгерлер түсірген видео: