Құрманбек Бакиев тағы 10 жылға сотталды

0
443

Қашқын президент жалпы 30 жылға сотталды.


Құрманбек Бакиев тағы 10 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Бішкек Первомай аудандық сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімімен Құрманбек Бакиев Қырғызстанның 2021 жылғы 28 қазандағы Қылмыстық Кодексінің 336-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Оған "ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың мүддесі үшін жасалған немесе ауыр зиян келтірген әрекет" бөлігі бар "Сыбайлас жемқорлық" бабы бойынша үкім шығарылды.

Өткен үкімдерді ескерсек, қашып жүрген президент жалпы 30 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс.

Сондай-ақ, үкімде оның мүлкі тәркіленіп, жазасын өтегеннен кейін үш жыл ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтындығы айтылған.