​Курортты маусым уақытында қызмет көрсететін қымбат үйлер ескертусіз сүрілді (видео)

0
1 217

Олардың қожайындары жиһазды шығарып үлгермей қалды.


​Курортты маусым уақытында қызмет көрсететін қымбат үйлер ескертусіз сүрілді (видео)

Ташкент облысының Бостандық ауданында "президент жолы" бойындағы 28 үйді ескертусіз сүріп тастады. Курортты маусым уақытында қызмет көрсетуге арналған үйлердің жүздеген иелері шығынға батты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

35 жастағы кәсіпкер Сарвардың айтуынша, оның "президент жолы" бойындағы үйі 10 шілдеде алдын ала ескертусіз сүрілген.


"Үйді сүрер алдын олар хоким шешімін көрсетпеді. "Сенің үйің президент жолына тым жақын жатыр" деп, сүре бастады. Үй сегіз жыл бұрын салынған, құжаттары бар. Шағымданбаған жерім қалмады, ешкім мені тыңдағысы келмейді", - деп шағымданды кәсіпкер.

Ташкенттік кәсіпкердің сөзіне қарағанда, Чарвактағы үйлерді жапай сүріп тастауының салдарынан жүздеген адам табыссыз қалды. Олар сол үйлерді туристерге жалға беру арқылы күнелтіп отыр.

"Менің саяжайымда 12 адам жұмыс істейтін. Қазір олар да табыссыз қалды", - деді кәсіпкер.

Оның айтуынша, Чарвакта жалпы саны 28 саяжай сүрілген.

"Олардың қожайындары жиһазды шығарып үлгермей қалды", - деді ол.

Өзін Фарход деп таныстырған тағы бір кәсіпкер 150 мың доллар тұратын саяжайынан айырылып қалғанын айтты.

"Осының алдында ғана үйді 150 мың долларға сатудан бас тартқан едім. Саяжай өте әдемі әрі мықты салынған. Бірақ олар бәрін қиратып тастады. Сонымен бірге жиырма жыл бойы жұмыс істеп келген дүкенді де қиратты. Бұл ғимараттардың құжаттары бар", - деді.

Оның пікірінше, Чарвактағы саяжайларды сүруге премьер-министр Абдулла Арипов тапсырма берген көрінеді.

Дегенмен, есімі жарияланбауын қалаған Бостандық ауданы әкімдігінің бір қызметкері бұл саяжайлар бас жоспарға заңсыз енгенін айтты.

"Біздің қолымызда аудан басшысының бұл саяжайларды сүру туралы шешімі бар. Олардың көбі заңсыз салынған. Кадастырлық құжаттарда бір вагон деп көрсетілген, ал шын мәнінде онда зәулім сарайлар бой көтерген. Биыл мамыр айында прокуратура Бостандық ауданында тексеру жүргізді, олар биыл ауданда 450 гектар жер заңсыз берілгенін анықтады. Соған қарамастан, біз адамгершілік танытып, саяжай иелеріне өтемақы бөлуді жөн көрдік. Біз оларға "президент жолынан" алысырақ аймақтан жер бөліп бердік", – деді аудан әкімдігінің қызметкері.

Дереккөз: centralasian.org/a