Қырғыстанда 300-ден аса адам сушидан уланды

0
512

Желі мекемелеріне 21 мың сом (шамамен 105 мың теңге. - Ескерт.) айыппұл салынды.


Қырғыстанда 300-ден аса адам сушидан уланды

Қырғызстандағы Бішкек және Шу облысының медициналық мекемелеріне "Империя пиццы" желісіндегі тамақтан уланғаннан кейін жүгінгендер саны 318 адамға жетті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің 40-ы - балалар.

"43 адам стационарлық көмек алды: теміржол ауруханасында - 17, қалалық балалар жедел жәрдем ауруханасында - 9, Ұлттық емханада - 17", - деп атап өтті ведомствода.

Желі мекемелеріне 21 мың сом (шамамен 105 мың теңге. - Ескерт.) айыппұл салынды.

РИА Новости сайты Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бәрі 22-23 қазанда уланғанын, ал жаңа жағдайлар пациенттерден анамнез жиналғаннан кейін анықталатынын жазды.

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккендер "Пицца империясы" қоғамдық тамақтану желісінің төрт кафесінен ролл жеген. Дүйсенбіде эпидемиологиялық тергеу кезінде осы желінің барлық филиалы жабылды.