Қырғыз-тәжік шекарасында екі облыс басшылары кездесті

0
522

21 мамырда Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны уақытша жапты.


Қырғыз-тәжік шекарасында екі облыс басшылары кездесті

ERNUR.KZ. 31 мамырда қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстанның Баткен облысының және Тәжікстанның Соғды облысының басшылары кездесті, деп жазады centralasian.org.

Қырғызстанның Баткен облысының басшысы Абдикарим Алимбаев пен Тәжікстанның Соғды облысының жетекшісі Раджоббой Ахмадзода шекарадағы соңғы қарулы жанжалдың салдарын жою, ел ішіндегі қауіпті азайту және түсіндіру істерін жүргізу мәселелерін талқылаған.

Тараптар осыған дейін атқарылмай келген 2019 жылдың 18 қыркүйегіндегі екіжақты қаулыны қолдануға келіскен. Ол құжатта Қырғызстанның Мақсат, Тәжікстанның Овчу-Калача ауылдарының ортасына милицияның бірлескен күзетін қою туралы жазылған.

Осы кездесуден кейін ортақ күзет қойылды.

Баткендегі қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы қарулы қақтығыста 36 қырғызстандық қаза болды. Тәжікстан 19 азаматының мерт болғанын хабарлаған. Екі өлке бірін-бірі айыптап, қылмыстық істер қозғаған.

21 мамырда Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны уақытша жапты.