Қырғыз-тәжік шекарасындағы сегіз шекара бекеті жойылады

0
310

Қырғыз-тәжік шекарасында қару қолдану қақтығысы 14 қыркүйекте басталды.


Қырғыз-тәжік шекарасындағы сегіз шекара бекеті жойылады

ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстан қырғыз-тәжік шекарасындағы төрт шекара бекетін жоюға келісті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев мәлімдеді.

"Қақтығыстар туындаған кейбір шекаралас аймақтарда шекара заставалары мен посттарды алып тастау жөнінде шешім қабылданды.

"Біз "Тамдык" шекара заставасын алып тастаймыз, ал тәжік жағы - "Бедактың" жұмысын тоқтатады. Біздің "Бұлақ-Башы" шекара заставасы мен тәжік жағынан - "Кех" шекара заставасы да алынып тасталады. Біз "Катта-туз" шекара заставасын алып тастаймыз, олар "Карачикхумды" жабады. Біз "Дача" шекара заставасын алып тастаймыз, олар "Шаршен" постын алып тастайды. Ол жерлерде енді әскерилер де, қарапайым азаматтар да болмайды", - деп мәлімдеді Ташиев.

Сонымен қатар, келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөніндегі екіжақты комиссияның жұмысын жеделдетуге келісті.

Қырғыз-тәжік шекарасында қару қолдану қақтығысы 14 қыркүйекте басталды. Салдарынан екі жақтан да құрбан болғандар мен зардап шеккендер бар.