Қырғызстан коронавирустан көз жұмғандарға ескерткіш орнатты

0
603

Пандемия басталғалы Қырғызстанда алты мыңнан аса медқызметкер Covid-19 дертіне шалдыққан.


Қырғызстан коронавирустан көз жұмғандарға ескерткіш орнатты

ERNUR.KZ. Бішкекте коронавируспен күрес кезінде қайтыс болған медициналық қызметкерлер мен студенттерге ескерткіш ашылды, деп жазады baq.kz.

Мемориал Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының алдына орнатылды. Ескерткіш жиналған ақшаға орнатылғаны хабарланды.

Пандемия басталғалы Қырғызстанда алты мыңнан аса медқызметкер Covid-19 дертіне шалдыққан. 123 медқызметкер қайтыс болды. Олардың 79-ы - дәрігер, 44-і - кіші медқызметкер.

Қырғызстанда пандемия басталғалы, ресми дерек бойынша, барлығы 180 мыңнан аса адамға коронавирус жұқты. Covid-19 індетінен 2638 адам қайтыс болды.