Қырғызстан коронавирустың төртінші толқынына дайындалып жатыр

0
418

COVID-19 жұқтырудың анықталған жағдайлар санының өсуі байқалады, бұл төртінші толқын басталғанын көрсетуі мүмкін.


Қырғызстан коронавирустың төртінші толқынына дайындалып жатыр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен брифингіде Аурулардың алдын алу және мемлекеттік санэпидқадағалау департаменті Зертханалық сынақтар орталығының бастығы Айгүл Жұмақанова мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жыл сайын елде қараша-желтоқсан айларында тұмау мен ЖРВИ жұқтырушылар саны артады.

«Бұл коронавирус инфекциясының төртінші толқынымен сәйкес келуі мүмкін деген болжамдар бар. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және бұқаралық іс - шараларға қатысудан бас тартуға шақырамын», - деді ол.

Ол сонымен қатар халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өтуге үндеді.