Қырғызстан көрші Өзбек елінен 100 млн доллар несие алуды жоспарлап отыр

0
1 055

2018 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 340 млн долларды құраған.


Қырғызстан көрші Өзбек елінен 100 млн доллар несие алуды жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Өзбекстан премьер-министрлері келіссөз жүргізу аясында 100 млн доллар несие алу мәселесі қаралады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Қаржы министрі Санжар Мұқанбетов журналистермен кездесу кезінде айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, екі ел президенттері 2018 жылы несие желісін ашу туралы келіскен.

«Біз бұл қаражатты жүн мен теріні өңдеумен айналысып жүрген кәсіпкерлерге ұсынып отырмыз», - деді Санжар Мұқанбетов.

Сонымен қатар, ол Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізу міндеті тұрғанын айтты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналым 340 млн долларды құраған, ал 2019 жылдың бес айында бұл көрсеткіш 130-140 млн доллар болған.

«Бізде экспортқа қарағанда импорт жоғары. Әсіресе көкөніс пен жеміс-жидек импорттаймыз, көмір мен цемент экспортталады», - деді ол.