Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып, бала туды

0
3 850

Жасөспірімнің анасы 2013 жылы ауыр дерттен көз жұмған.


Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып, бала туды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен бала тауып, оны алудан бас тартқан, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Бұл ақпаратпен "Ак журок" дағдарыс орталығының жетекшісі Дарика Асылбекова бөлісті.

"Мерзімінен бұрын толғағы келген. Сол үшін операция жасауға тура келген. Жасөспірім нәрестесінен бас тартқан. Ата-анасы оны қолдап отыр. Біз оны дағдарыс орталығына алып кетеміз", - дейді ол.

Бүгінде ана мен баланың жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінде жатқан нәресте енді оңалту орталығына жіберілмек.

Анықталғандай, жасөспірімнің анасы 2013 жылы ауыр дерттен көз жұмған. Бауырларымен бірге әкесінің қолында тұрған қыз мектепке де бармаған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жасөспірімнің әкесі қызын зорлады деген күдікпен ұсталды.

Милиция оның психикалық аурумен ауыратынын айтып отыр. Қазір азаматтың ісі Өзген сотында қаралып жатыр.