Қырғызстанда 43 бала әтірдің иісінен уланды

0
467

Аудандық мектептердің бірінде бөлмеде себілген әтірден бірден 43 бала уланған.


Қырғызстанда 43 бала әтірдің иісінен уланды

ERNUR.KZ. Төрт бала жан сақтау бөліміне түсті, деп жазады inbusiness.kz.

"Ош облысының Қара Суй ауданында 6-сыныптың 43 оқушысы уланып ауруханаға жеткізілді, оның 18-і облыстық балалар клиникасына жіберілді, төртеуі - жансақтау бөлімінде. Аталмыш оқиғаны Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Гүлнара Баатырова өзінің жеке бақылауына алды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Қазіргі уақытта дәрігерлердің консилиумы өтіп жатыр, зардап шеккендердің барлығынан қан анализі алынды, деп атап өтті басқармада.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға алдыңғы күні аудандық мектептердің бірінде болған. Сыныпта оқушылардың бірі әтір шашқан, салдарынан іштегі оқушылардың басы айналып, құса бастаған.

Ош облысының Ішкі істер басқармасы балалардың улану фактісі бойынша тергеу іс-шаралары басталғанын, куәгерлер сұралып, оқиға орнындағя парфюмерлік заттардың барлығы тәркіленгенін хабарлады.