Қырғызстанда алғашқы қар жауды

0
2 311

Желіде жолдар мен көліктер қар жамылған видео тарады.


Қырғызстанда алғашқы қар жауды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Нарын облысында алғашқы қар жауды. Бұл туралы қырғыз-қытай шекарасына жақын орналасқан куәгерлер хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Желіде жолдар мен көліктер қар жамылған видео тарады.

Бұған дейін Қырғызгидромет 27 тамыз күні түстен кейін және 28 тамызда аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбырдың қарға ұласатыны, кей жерлерде жауын-шашын қарқынды болады деп ескертті.

Еске сала кетейік, жақында ШҚО Катонқарағай ауданының Белуха маңындағы «Нижний лагерь» кемпингінде алғашқы қар жауды.