Қырғызстанда Атамбаевты ұстау кезінде зардап шеккендердің саны 136 адамға жетті

0
663

Ауруханаларда әлі 14 адам жатыр.


Қырғызстанда Атамбаевты ұстау кезінде зардап шеккендердің саны 136 адамға жетті

ERNUR.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Кой-Ташада ұстау кезінде зардап шеккендердің саны 136 адамға жетті. Бұл туралы республиканың Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, түрлі ауруханаға барлығы 109 адам жеткізілген, 27 зардап шеккен жанға Қой-Таш ауылында медициналық көмек көрсетілген.

Ауруханаларда әлі 14 адам жатыр. Дәрігерлер Шу облысы МІІД басшысы Самат Құрманқұловтан басқаларының жағдайын тұрақты деп отыр. Бұған дейін оның жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған.