Қырғызстанда бензин бағасы қымбаттады

0
983

Бұған дейін Ресей Федерациясында жанармай тапшылығы туралы хабарланған болатын.


Қырғызстанда бензин бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қырғызстандықтар жанармай бағасының өскенін айтып, шағымдануда, деп жазады inbusiness.kz.

Олардың айтуынша, 92-ші бензин бірден 1,5 сомға қымбаттаған. Қазір 60,5-61,5 сом тұрады. АИ-95 бағасы 5 сомға – 65-тен 70,5 сомға өсті.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Ресей Федерациясының аймақтарында жанармай тапшылығы туралы хабарлаған болатын. Бензин мен дизельдің кейбір түрлері бірқатар жанар-жағармай құю бекеттерінде тапшы.