Қырғызстанда Білім және ғылым министрі парамен ұсталды

0
546

Аса ірі мөлшерде ($110 мың) пара алу фактісі тергелуде.


Қырғызстанда Білім және ғылым министрі парамен ұсталды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев аса ірі көлемде пара алған кезде ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Алмазбек Байшеналиев пара алу үстінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазір шетелдік студенттерді республиканың жоғары оқу орындарына қабылдау барысында аса ірі мөлшерде ($110 мың) пара алу фактісі тергелуде.

Қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша барлық толық ақпарат беріледі, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Алмазбек Бейшеналиев 2020-2021 жылдары Білім және ғылым министрі қызметін атқарған. 2022 жылдың ақпан айынан бастап осы қызметке қайта тағайындалды.