Қырғызстанда қар көшкіні кезінде 4 шетелдік турист қаза тапты

0
569

23 турист – Чехия мен Словакияның азаматтары – Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген.


Қырғызстанда қар көшкіні кезінде 4 шетелдік турист қаза тапты

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Жырғалаң шатқалында болған қар көшкіні кезінде Чехиядан келген төрт турист қаза тапты, деп жазады baq.kz.

Қар көшкіні 25 ақпан күні сағат 13.00 шамасында түсті. Ол кезде 23 турист – Чехия мен Словакияның азаматтары – Тұлпар-Таш жайлауында шаңғы теуіп жүрген болатын.

Мерт болған адамдарды қар көшкіні астынан туристер өздері шығарып, тасымалдауға көмек сұраған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алты құтқарушысы жетіп, туристер тобын қарсы алып, қаза болғандардың денесін Ішкі істер министрлігіне тапсырды.