Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

0
480

Мемлекеттік төңкеріс парламенттік сайлаудан кейін жоспарланған.


Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның құқық қорғау органдары мемлекеттік төңкерістің алдын алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл жөнінде осы елдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлімдеді. Аталған ведомство бірқатар парламент өкілдері мен жоғары лауазымды шенеуніктер парламенттік сайлаудан кейін төңкеріс жасамақ болған.

Қырғызстанда парламенттік сайлау алдағы жексенбіге жоспарланып отыр. Арнайы қызмет өкілдері төңкеріс ұйымдастыру үшін мыңға жуық азамат тартылған, оларды мемлекеттік құрылымдарға қарсы қоймақ болған.

Осыған қатысты арнайы қызмет 15 адамды қолға түсірген. Ұсталғандардың үйлері мен кеңселерінде тінту жасалып, қару-жарақ пен есірткі тәркіленген. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.