Қырғызстандық жігіт әскери бөлімде теракт жасамақ болды

0
2 193

​Теракт дайындады деген күдікке ілінген ер адам халықаралық экстремистік ұйымға мүше, ол басшыларының нұсқауымен жарылғыш зат дайындауы тиіс болған.


Қырғызстандық жігіт әскери бөлімде теракт жасамақ болды

ERNUR.KZ. Ош облысындағы әскери бөлімдердің бірінде теракт жасамақ болған ер адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Ұсталған ер адам – небәрі 22 жаста. Ол атауы көрсетілмеген халықаралық террористік ұйымға мүше.

Подозреваемый в подготовке теракта в военчасти в Ошской области


Жас жігіт басшыларының нұсқауымен әскери бөлімдердің бірінде теракт жасау үшін қолдан жарылғыш дайындауы тиіс болған.

Күдіктінің үйін тінту кезінде камуфляж формасы, жилет, әскери аяқ киім, дүрбі, бәкі және шет тіліндегі үндеу парақтары табылды.

Қазір ер адам Ош облысы бойынша МҰҚК басқармасы тергеу изоляторына қамалды.