Қырғызстанның 3 облысында төтенше жағдай жарияланды

0
184

Табиғи апат құрбандары бар.


Қырғызстанның 3 облысында төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның 3 өңірінде төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Сәуірдің 20-нан бастап бірнеше күн толассыз жаңбыр жауған. Осы аралықта 50-ге жуық сел тіркелген.

Салдарынан 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды. Жолдар мен көпірлерді де лай ағындары басып, қираған. Табиғи апат құрбандары бар. Бірақ әзір нақты саны белгісіз.

Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.