Қытай басшысы "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды

0
345

Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің күрделілігі мен қиындығы "өскенін" мәлімдеді.


Қытай басшысы

ERNUR.KZ. Қытай төрағасы Си Цзиньпин ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларды "ең нашар сценарийге" дайындала беруге шақырды, деп жазады tengrinews.kz.

Си Цзиньпин Қытайдың қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің күрделілігі мен қиындығы "өскенін" мәлімдеді.

"Біз ең нашар және төтенше сценарийлерге, қатты жел, толқын және тіпті қауіпті дауылдың ауыр сынағына төтеп беруге дайын болуымыз керек"», - деді Қытай басшысы 30 мамырда Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеттің Қауіпсіздік комиссиясының отырысында.

Си Цзиньпин Қытайдың "шынайы ұрыс пен іс жүзінде пайдаланудағы тиімділікті арттыруға назар аудара отырып, өзінің ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаңғыртуды тездету керек" деді.

CNN мәліметінше, Си Цзиньпиннің үндеуі Бейжің "қиын-қыстау экономикадан бастап Қытай көшбасшысы барған сайын дұшпандық тудыратын халықаралық ортадағы қиындықтармен бетпе-бет келіп тұрған кезде жасалынды".