Қытай Қазақстанға несиені не үшін бермек?

0
2 021

Жоба заманауи техникалық бақылау құралдарын енгізуге бағытталған. Оны іске асыру жүктерді Қытайдан ЕАЭО, ТМД, ОА елдеріне, Еуропаға жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартуға және жүк пен жолаушылар ағынын ұлғайтуға, транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының пайда болуы үшін жағдай жасайды.


Қытай Қазақстанға несиені не үшін бермек?

Мемлекет басшысының мемлекеттік сапары барысында Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов кеден саласындағы екі келісімге қол қойды. Нәтижесінде, қытай тарапы Қазақстанға қазақстандық өткізу бекеттерін жаңғыртуға және жете жарақтандыруға арналған жеңілдік кредитін береді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Жоба заманауи техникалық бақылау құралдарын енгізуге бағытталған. Оны іске асыру жүктерді Қытайдан ЕАЭО, ТМД, ОА елдеріне, Еуропаға жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартуға және жүк пен жолаушылар ағынын ұлғайтуға, транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының пайда болуы үшін жағдай жасайды.

Сондай-ақ екі елдің кеден қызметтері ядролық материалдар мен радиациялық қауіпі бар заттардың заңсыз тасымалдануына жол бермеуде өзара іс-қимылын кеңейтеді. Мұндай ынтымақтастық мемлекеттік шекарадағы бақылаудың тиімділігіне ықпалын тигізеді.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Қытайдың қаржы министрліктері бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп пен аудит, сондай-ақ кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.