Қытай үш елдің президентін "Бір белдеу – бір жол" саммитіне шақырмады

0
3 091

Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы – Азия, Африка және Еуропа континенттеріне таралған көптеген елдер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған өршіл экономикалық даму және коммерциялық жоба.


Қытай үш елдің президентін

ERNUR.KZ. Бейжің осы жылдың соңында Қытайда өтетін "Бір белдеу, бір жол" саммитіне батыстың үш мемлекет басшысын шақырмады, деп жазады stan.kz.

Саммитке негізінен дамушы елдердің президенттері шақырту алған. Сол себепті олардың қатарында Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Италия премьер-министрі Джорджия Мелони жоқ.

“Көшбасшыларға арналған шақырту немесе ынтымақтастық туралы келісім болсын, Қытай үшін жобаның ауқымы мен саны емес, сапасы мен тиімділігі маңызды”, – делінген басылымда.

Кейбір батыстық ақпарат құралдарында жоғарыда аталған еуропалық көшбасшылар форумға қатысудан өздері бас тартқаны туралы ақпарат тараған. Басылым бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қатысудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені Қытай оларға шақыру жібермеді", - деп жазды басылым.

Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы – Азия, Африка және Еуропа континенттеріне таралған көптеген елдер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған өршіл экономикалық даму және коммерциялық жоба. 2013 жылы қолға алынған қытайлардың жаһандық жобасы Азиядан Африка құрлығына дейінгі 60-тан аса елді қамтиды. Бұл бағдарлама бүкіл әлем бойынша инфрақұрылымдық жобаларды 900 миллиард долларға қаржыландырды. Осы жылдың мамыр айында Италияның Бейжіңмен "Бір белдеу, бір жол" жобасынан шығу туралы келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.