Қытайда адам өліміне әкелетін жаңа вирус пайда болды

0
907

SFTS вирусы кене жұқтырған адамнан басқа адамға қан немесе шырышты қабық арқылы берілуі мүмкін.


Қытайда адам өліміне әкелетін жаңа вирус пайда болды

ERNUR.KZ. Қытайда кенелер арқылы берілетін SFTS вирусының жаңа түрі пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Оның салдарынан кем дегенде 7 адам қайтыс болды, 60 адам жұқтырды.
Вирус 2011 жылы анықталған. Сарапшылардың айтуынша, SFTS кене жұқтырған адамнан басқа адамға қан немесе шырышты қабық арқылы берілуі мүмкін.
Қытайдың Цзянсу провинциясында осы жылдың бірінші жартысында 37-ден астам адам вирус жұқтырған, ал кейінірек Аньхой провинциясында тағы 23 адамға SFTS диагнозы қойылған.
Дегенмен, дәрігерлер қауіптің негізгі көзі әлі күнге дейін кене екенін еске түсірді, сондықтан егер барлық сақтық шаралары қолданылса, дүрбелеңге себеп жоқ.