Қытайда көшкін салдарынан 40-тан астам адам жер астында қалды

0
450

200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.


Қытайда көшкін салдарынан 40-тан астам адам жер астында қалды

ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Юньнань провинциясында көшкіннің салдарынан 40-тан астам адам жер астында қалды, деп жазады sputnik.kz.

Дүйсенбі күні таңғы сағат 5.51-де (Астана уақытымен 21.51) Юньнань провинциясының Чжаотун қаласына қарасты Чжэньсюн округінде көшкін болып, бірнеше ауылға зақым келді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 18 үйдегі 44 адам жер астында қалған", - делінген телеарна таратқан хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына 200-ден астам құтқарушы жұмылдырылған, апат аймағынан 200-ден астам адам эвакуацияланды.