Қытайда мектеп жатақханасында болған өрттен 13 адам көз жұмды

0
750

Өртке кінәлі болуы мүмкін адамдар бақылауға алынды.


Қытайда мектеп жатақханасында болған өрттен 13 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Қытайдыңо Орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясындағы мектеп жатақханасында болғаннан өрттен кем дегенде 13 адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Өрт 19 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00-де Душу қаласының Яньшаньпу ауылында болған. Тілсіз жау сигнал түскеннен кейін 38 минуттан соң сөндірілді.
"Оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты, біреуі жарақат алды, жараланған адам ауруханада жатыр, оның жағдайы тұрақты", - делінген телеарна хабарламасында.
Өрттің шығу себебі анықталып жатқаны, өртке кінәлі болуы мүмкін адамдар бақылауға алынғаны хабарланды.