Қытайда су тасқынынан 30 млн адам зардап шекті

0
630

Жергілікті билік қауіптіліктің жоғары деңгейін жариялады.


Қытайда су тасқынынан 30 млн адам зардап шекті
ERNUR.KZ. Қытайда алапат су тасқынынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың саны 140-тан асты. Жалпы табиғат апатынан 30 млн адам зардап шекті, деп хабарлайды Хабар24.Аймақта бірнеше күн толассыз жауған жауын салдарынан өзен-көлдер арнасынан тасыған. Салдарынан тас жолдар мен 3 провинция су астында қалды. Жергілікті билік қауіптіліктің жоғары деңгейін жариялады. Құтқарушылар 1 млн 72 мың тұрғынды эвакуациялады. Көмекке әскерилер де жұмылдырылды. Сарапшылар табиғат апаты ел экономикасына шамамен 8 миллиард доллардан астам шығын әкелгенін хабарлайды.