Қытайда XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды

0
460

Бұл – XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді.


Қытайда XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды

ERNUR.KZ. Бейсенбі күні Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды, деп жазады ҚазАқпарат.

2022 жылғы Азия ойындарының алауы бүгін Қытайдың шығысында, Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында жағылды. Бұл – XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді.

Ойындар 2023 жылдың 23 қыркүйегінен 8 қазанынан дейін Ханчжоуда өтеді.

Еске салайық, XIX Азия ойындары 2022 жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында өтуі тиіс болатын. Кейін 2023 жылдың күзіне ауыстырылды.

Азия ойындары Қытайда үшінші рет ұйымдастырылмақ. 1990 жылы жарыс Бейжіңде, 2010 жылы Гуанчжоуда өтті.

Азия ойындары-2022 ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Ханчжоудағы ойындардың спорттық бағдарламасында 40 спорт түрі, 61 дисциплина және 483 іс-шара енген. Киберспорт пен брейк-денс жарыстары Азия ойындарында алғаш рет өткелі жатыр. Әлемдік додаға Азия елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан 12 мың спортшы қатысады.