Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты

0
559

Зілзала салдарынан 86 адам қаза тауып, 96 адам жарақат алды.


Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында болған күшті жер сілкінісінен 86 адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Жер сілкінісі салдарын жою бойынша жергілікті штабтың мәліметінше, дүйсенбі күні кешке Ганьсу провинциясының Цзишишань уезінде магнитудасы 6,2-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркелді.

Зілзала салдарынан 86 адам қаза тауып, 96 адам жарақат алды.

Жер сілкінісінің ошағы болған ауданда тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға зақым келгені, сумен жабдықтау және электр қуаты үзіліп, жолдар қирағандығы атап өтілді.