Қытайдағы белгісіз вирус Оңтүстік Кореяда тіркелді

0
685

Әйелдің дене қызуы көтеріліп, тынысы тарылған және осыған ұқсас басқа белгілер байқалған.


Қытайдағы белгісіз вирус Оңтүстік Кореяда тіркелді

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда 35 жастағы әйел короновирус жұқтырған, деп жазады baq.kz.

Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны туралы растады. Тіркелген алғашқы вирус туралы Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарлады, деп жазады Reuters.

Вирусты 35 жастағы әйел жұқтырған. Ол Қытайдың Ухань қаласынан ұшып келген. Жаңа вирус дәл осы қалада тараған болатын. Әйел Инчхон әуежайында өзін жайсыз сезінген. Дене қызуы көтеріліп, тынысы тарылған және осыған ұқсас басқа белгілер байқалған.

Оны жергілікті ауруханаға жатқызып, оқшаулап қойды.

Айта кетсек, 2019 жылдың соңында Қытайда пневмонияның жаңа түрі тіркелді. Оның қатты тарауына коронавирустың жаңа түрі себеп болған. Бұл тек өкпенің қабынуын емес, басқа да маңызды органдардың жұмысын тоқтатуы мүмкін.