Қытайдағы індет: 12 адамның халі мүшкіл

0
292

Тағы 258 адамның індетті жұқтырғаны белгілі.


Қытайдағы індет: 12 адамның халі мүшкіл

ERNUR.KZ. Соңғы мәлімет бойынша, 6 адам ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 258 адамның індетті жұқтырғаны белгілі. Олардың 25-сі үйіне жіберілген. Қалғандары ауруханада жатыр. Дәрігерлер 12 адамның халі мүшкіл екенін хабарлайды. Ушыққан жағдайға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл түрде отырыс өткізетінін хабарлады. Жиын кезінде жаңа індеттің қауіптілік деңгейі анықталып, онымен күрес жолдары ойлап табылмақ.

Айта кетейік, Қытай билігі Ухань қаласында анықталған коронавирустың белгісіз түрі туралы желтоқсан айында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына хабарлаған еді. Вирус аспан асты елінен бөлек, Оңтүстік Корея, Таиланд пен Жапонияда тіркелді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет