Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 131-ге жетті

0
440

Бұған дейін 126 адам қаза тауып, 718 адам жараланып, тағы 20 адам із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарланды.


Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 131-ге жетті

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстік-батысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 131-ге жетті, деп жазады sputnik.kz.

"Бүгінге дейін Ганьсу провинциясында жер сілкінісі салдарынан 113 адам, Цинхай провинциясында 18 адам қаза тапты", - деп жазылған хабарламада.
Жараланғандарға көмек көрсетілуде, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар іздеу-құтқару жұмыстарына 2042 адам, 381 техника және 41 ит жұмылдырылған.
Байланыс үзілген 78 адам құтқарылып, тағы 6 653 адам эвакуацияланды.
Дүйсенбі күні сағат 23.59-да Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында магнитудасы 6,2-ге жеткен жер сілкінісі болды.
Апат аймағында кейбір сумен жабдықтау, электр қуаты нысандары, көлік, байланыс және басқа да инфрақұрылым зақымданған.