Қытайдан коронавирустың жаңа түрі табылды

0
737

Көршілес Қытайда омикронның жаңа нұсқасы пайда болды.


Қытайдан коронавирустың жаңа түрі табылды

ERNUR.KZ. Икс-Би-би 1.5 (XBB.1.5) штамы 10 науқастан анықталып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Ол иммундық төзімділікпен және тез таралуымен қауіпті. Алайда бұл ерекшелікке қарамастан, сарапшылар алаңдауға еш негіз жоқ, дейді. Себебі, елде аурудың таралуы бәсеңдеген.

"Қытайдағы коронавирустық мутацияларды өте мұқият қадағалап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша қысқа мерзімде XBB штаммы негізгі мәселеге айналмайды. Таралып жатқан күннің өзінде біз әрекет етуге дайынбыз", - деп мәлімдеді Цинхуа университеті қоғамдық денсаулық сақтау институты директорының орынбасары Лян Ваньнянь.

Қазіргі уақытта Қытайда табылған барлық штамм Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына белгілі.