Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь қайтыс болды

0
588

Цзян Цзэминь 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарса, 1985-1989 жылдары Шанхай қаласының мэрі болған.


Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

"Цзян Цзэминь 2022 жылдың 30 қарашасында сағат 12:13-те (Астана уақыты бойынша сағат 10:13) 96 жасында Шанхайда лейкемия және көп мүше жетіспеушілігінен қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Цзян Цзэминь 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарса, 1985-1989 жылдары Шанхай қаласының мэрі болған.