Қытайдың ірі мемлекеттік компаниялары Нью-Йорк биржасынан кетуі мүмкін

0
527

Олардың сауда алаңынан кетуіне америкалық тараппен аудит жөнінде бір байламға келе алмауы себеп болған.


Қытайдың ірі мемлекеттік компаниялары Нью-Йорк биржасынан кетуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қытайдың бес ірі мемлекеттік компаниясы Нью-Йорк биржасынан кетпек, деп жазады inbusiness.kz.

Газеттің дерегінше, PetroChina және Sinopec қытайлық мұнай компаниялары, Aluminum Corp. of China (Chalco), Sinopec Shanghai Petrochemical және China Life Insurance сақтандырушысы Нью-Йорк қор биржасынан акциялардың делистингін өткізуге дайындалуда.

Қытайдың бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы компаниялардың бұл шешімі өз мүдделеріне сәйкес келетінін, қаражат тарту үшін ішкі және халықаралық нарықты пайдалануға әсер етпейтінін мәлім етті.

Олардың сауда алаңынан кетуіне америкалық тараппен аудит жөнінде бір байламға келе алмауы себеп болған. Соңғы жылдары АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы көптеген қытайлық компаниялардың қызметін жергілікті заңға сәйкес реттеуде. Заң бойынша, қытайлық компаниялар 3 жыл ішінде аудит талаптарын орындамаса, оларды қор нарығынан шығару қарастырылған.