Қызғаншақ ​еркек әйелін аңдимын деп ел-жұртқа масқара болды

0
1 883

Гомес есімді 50 жастағы еркек 24 сағат бойы сыртқа шыға алмай, көмек сұрауға мәжбүр болған.


Қызғаншақ ​еркек әйелін аңдимын деп ел-жұртқа масқара болды

ERNUR.KZ. Mexico News Daily порталы Мексиканың Пуэрто-Пеньяско қаласында болған күлкілі оқиға туралы жазды, деп жазады Sputnik.kz.

25 сәуір күні 58 жастағы Гризельда Сантильян үйінің астынан бір түрлі дыбыс шығып жатқанын естіген. Ол алдымен мысықтар жүрген болар деп ойлайды. Дегенмен, шу күшейе түскен соң, әйел зерттеу жүргізіп көрмекші болады.

Гризельда Сантильян үйдің маңынан қазылған туннель, бірнеше пышақ пен су құйылған бөтелкелер тауып алған. Туннелдің ішінде оның бұрынғы күйеуі – 50 жастағы Гомес отырған болып шығады, ол 24 сағат бойы сыртқа шыға алмай, көмек сұрауға мәжбүр болған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар оны туннельден 45 минут дегенде әрең шығарып алған. Гомес қатты шөлдеп қалғандықтан ауруханаға жатқызылды.

Ауруханадан шыққаннан кейін ер адам әйеліне жақындауға тыйым салған сот шешімін бұзғаны үшін қамауға алынды.

Сантильян күйеуімен оның шектен тыс қызғаншақтығы кесірінен ажырасып кеткенін мәлімдеді.