Қызыл теңізде соғыс басталды

0
347

Алғашқы шабуыл таңертең жасалды.


Қызыл теңізде соғыс басталды

ERNUR.KZ. Бүгін хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазында танкерге шабуыл жасап, артынша Аден шығанағындағы контейнер тасымалдаушы кемені басып алды, деп жазады inform.kz.

Алғашқы шабуыл таңертең жасалды. Америкалық эсминец Үндістанның Мангалорынан Суэц каналына қарай жүзіп бара жатқан Маршалл аралдарының жалауындағы Ardmore Encounter танкерінен апат туралы сигнал алды. Ол моторлы қайықтар шабуылдағанын хабарлады.

Америкалық эсминец көмекке келіп, Йемен аумағынан ұшырылған дронды атып түсірді.
Хуситтер танкерлерге зымыранмен оқ жаудыра отырып, кері шегінді. Жауған оқ дәл тимей, эсминец пен танкер экипажы зардап шеккен жоқ.

Ал кешке қарай хуситтер операциясы сәтті болды, бірақ бұл жолғы шабуыл солтүстікке қарай – Аден шығанағына жасалды.

Бұл жолы теңіз қарақшылары Оманнан Сауд Арабиясына Гонконг туымен жүзіп бара жатқан Maersk Gibraltar контейнер кемесінің бағытын өзгертуге мәжбүрледі. Қазір кеме Йемен аумағына, Аден портына бет алды.